(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚКӨЛ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ МӨЛШЕРІ М...

Ақкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № С 25-1 шешімі

 

Осы редакция 2026 жылғы 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі айқындалсын.

2. «Ақкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № С 2-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8405 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

С. Абаханов

 

Ақкөл аудандық мәслихатының

2024 жылғы 22 шілдедегі

№ С 25-1 шешіміне

қосымша

 

 

Ақкөл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету

мөлшері мен тәртібі


1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен, жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) Ақкөл ауданында тұратындарға:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.